«Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту мен пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 835 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 721 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 44 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 19 наурыздағы № 18 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту мен пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 835 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 721 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12779 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау және тәуекелдерді басқару өлшемшарттарында (бұдан әрі - Өлшемшарттар):
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Субъектілерге (объектілерге) бару арқылы профилактикалық бақылау дың тәуекел дәрежесін бағалау үшін келесі ақпарат көздері пайдаланылады.»;
7-тармақтың төртінші абзацы мынадай мазмұндағы 3), 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері;
4) бақылау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың, оның ішінде өрттердің, авариялардың, оқиғалар мен оқыс оқиғалардың;
5) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және олардың саны.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: