Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 152 бұйрығымен бекітілген
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № ҚР ДСМ-123 бұйрығымен күші жойылды
«Алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру объектілеріне, алкоголь өнімдерін,
алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру және сақтау шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. «Алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру объектілеріне, алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру және сақтау шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген, алкоголь, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндірумен байланысты кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - объект) арналған және осы объектілердің қызметіне, алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру және сақтау шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды, оларды сақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіреді, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен таралуын тудырады.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: