«Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 749 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 586 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі №953 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19327 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 4 қыркүйекте жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар:
1) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелер (құрылғылар) - төлем карточкаларын қызмет көрсетуге қабылдауға арналған электрондық-механикалық құрылғылар, бір немесе әртүрлі банктерде қолма-қол ақшасыз төлем қатысушыларына қызмет көрсетуге қарамастан, бенефициардың пайдасына ақшаны жедел есептей отырып, пайдаланбай жедел төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін төлем ұйымдарының, банктердің веб-сервистері және мобильдік қосымшалары;
2) үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі - ҮИЖ) құқық иеленушісі - ҮИЖ өндірушілері болып табылатын немесе ҮИЖ меншік, жалға алу құқығында тиесілі немесе ҮИЖ пайдаланушыларына сату немесе жалға беру үшін өзге де заңды негізге ие жеке немесе заңды тұлғалар;