Введите номер документа
Прайс-лист

«Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы «Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 15-63 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жетісу облысы Көксу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 40-157 шешімі

Информация о документе
Датасреда, 30 апреля 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 17 мая 2025
Дата последнего изменениясреда, 30 апреля 2025

Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы «Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 15-63 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жетісу облысы Көксу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 40-157 шешімі

 

Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы «Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 15-63 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189584 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Әлеуметтік көмек алушылардың санатының тізбесі және шекті мөлшерлері:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері - 509 (бес жүз тоғыз) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;

2) Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:

оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;

Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;

бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами