Введите номер документа
Прайс-лист

«Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығына 3-қосымша) (2019.08.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 24 апреля 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 13 июня 2020

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 24 сәуірдегі

№ 232 бұйрығына 3-қосымша

 

ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен күші жойылды

 

«Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.08.11. берілген өзгерістермен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі — Министрлік) әзірледі.

ҚР Әділет министрінің 2018.10.01. № 54 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің м.а. 2019.08.11. № 540 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттері (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) қызмет берушімен;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылы.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

ҚР Әділет министрінің 2018.10.01. № 54 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні;

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемелкеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын мемлекеттік корпорацияға жеткізілуін қаматамасыз етеді.

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушыға күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 минут;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом