Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 230-н/қ бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 9 июня 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 10 июня 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 9 июня 2025

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 230-н/қ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларында:

2-тармақтың 21) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«21) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың тәуліктік графигі - электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі шарттарға сәйкес күнтізбелік әрбір тәулікте электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтін, жүйелік оператор бекіткен құжат;»;

27-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«27. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға осы Заңның 13-бабы 7-1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетуге немесе ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттары жоқ, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға, тұтынушыларға және цифрлық майнерлерге электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салынады.»;

38-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«Алдын ала төлеу шарты энергиямен жабдықтаушы ұйымдар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне қолданылмайды, олар есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) қорытындылары бойынша, факті бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алынған электр энергиясына ақы төлеуді жүзеге асырады».

58-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом