Введите номер документа
Прайс-лист

«Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04 / 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 18 тамыздағы № 249 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 18 августа 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 1 сентября 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 18 августа 2025

«Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04 / 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 18 тамыздағы № 249 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық аулау қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Балық аулау қағидалары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-1-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, бақылау үшін аулауды, мелиорациялық аулауды, сондай-ақ өсімді молайту мақсатында аулауды ұйымдастыруы мен жүргізуі тәртібін айқындайды.»;

4-тармақта:

мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

«12-1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;

23) тармақша алып тасталсын;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Заңның 39-бабының 5-тармағына сәйкес мына жағдайларда:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом