«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 478 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіндегі кадрлық өзгерістерге байланысты және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің құрамында (бұдан әрі - Құрам):
«Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы - Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының міндетін атқарушы, төраға орынбасары;»
деген жол:
мынадай редакцияда жазылсын:
«Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы - Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры, төраға орынбасары;»;
«Ибатов Марат Кеңесұлы - Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінің ректоры;» деген жол:
мынадай редакцияда жазылсын:
«Ибатов Марат Кеңесұлы - Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры;»;
«Кшиштоф Рыбиньски - Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетінің ректоры;» деген жол:
мынадай редакцияда жазылсын:
«Кшиштоф Рыбиньски - Нархоз университетінің ректоры;»;
мыналар:
Аймағамбетов Асхат Қанатұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төраға;
Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлы - Ғылым комитетінің төрағасы;
Шакаева Гаухар Серікқалиқызы - Қаржы департаментінің директоры;
Балықбаев Такир Оспанұлы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры;