Осы редакция 2019 жылғы 22 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 52/04 қаулысымен
бекітілді
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016.04.04. № 21/04 Қаулысымен барлық мәтін бойынша «ХҚКО» деген сөз «Мемлекеттік корпорация» деген сөзге ауыстырылды (бұр.ред.қара)
«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.04.04. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016.04.04. № 21/04 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметті облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау және нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация)
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы, не Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімімінде № 11578 болып тіркелген) бекітілген «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық.