Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 69 бұйрығына 3-қосымша
Осы редакция 2026 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде
атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
қағидалары
(2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2026.30.05. № 509 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
ҚР Әділет министрінің 2024.06.12. № 1007 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 3 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2026.30.05. № 509 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Бірыңғай байланыс орталығы - Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпаратты беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;