«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 381-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 2 наурыздағы № 88-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 381-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2023 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 381-НҚ бұйрығымен
бекітілген»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Комитет мыналардан тұрады:
1) Жастар бағдарламасы және ынтымақтастық басқармасы;
2) Отбасы саясатын үйлестіру басқармасы;
3) Жастар саясаты саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл басқармасы;
4) Жастар саясаты мәселелесі бойынша өңірлерді үйлестіру басқармасы;
5) Жиынтық талдау және мониторинг басқармасы;
6) Гендерлік саясатты үйлестіру басқармасы.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Функциялар:
1) жалпы функциялар:
стратегиялық:
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
мемлекеттік жастар, отбасылық және гендерлік саясат саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
реттеуші: