Түркістан қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/136-VІ «2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 38/191-VI шешiмi
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-7 тармағына және Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 37/188-VІ «Түркістан қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 23/125-VІ «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4732 тіркелген) шешіміне сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/136-VІ «2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4367 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 12 қаңтардағы «Tu`rkistan» газетінде және 2018 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жүйнек ауылдық округінің 2018 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес, мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 169 144 мың теңге:
салықтық түсiмдер - 4 918 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 110 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер - 0;
трансферттердiң түсiмдерi - 164 116 мың теңге;
2) шығындар - 169 144 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 0:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;