Осы редакция 2015 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 284 бұйрығына
6-қосымша
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы Министрлігімен мемлекеттік кірістер Комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші тарапынан ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары, веб-қосымша «Салық төлеушінің кабинеті» (бұдан әрі - салық төлеушінің кабинеті);
2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі - ЭЦҚ) жою немесе ауыстыру - көрсетілетін қызметті алушы салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін уақыты - 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін уақыты - 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды түрде (жартылай автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) ЭЦҚ жеткізгішті беру;
2) ЭЦҚ жою;
3) ЭЦҚ ауыстыру;
Мемлекеттік қызметті көрсету қорытындысы: ЭЦҚ электронды