Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-1 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 18 қарашадағы № 21-2 шешімі
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 204 093 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 469 014 562 мың теңге:
салықтық түсімдер - 130 591 801 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 7 705 146 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 36 055 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 330 681 560 мың теңге;
2) шығындар - 470 487 259 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 36 262 120 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 51 809 919 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 15 547 799 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 37 734 817 мың теңге:
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 37 734 817 мың теңге:
қарыздар түсімі - 45 190 540 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 12 657 865 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 5 202 142 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2025 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінен 2 858 871 мың теңге жалпы сомасында трансферттердің түсімдері ескерілсін.
Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінен бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»;
көрсетілген шешімнің 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: