«Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2026 жылғы 9 шілдедегі № 485 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларында:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жол қозғалысының шетелдік қатысушылары - 1961 жылғы «Дипломатиялық қатынастар туралы» Вена конвенциясына және 1963 жылғы «Консулдық қатынастар туралы» Вена конвенциясына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерге ие, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және/немесе оның өкілдіктері, консулдық мекемелер және Қазақстан Республикасында аккредиттелген олардың қызметкерлері, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетел қатысуымен заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Жол қозғалысының шетелдік қатысушыларына тиесілі көлік құралдарына мынадай сериядағы МТНБ беріледі: