ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2016.31.10. № 947 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына
7-қосымша
«Пайдалы модельге патент беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2016.31.10. берілген өзгерістермен)
Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қараңыз
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - сараптама ұйымы);
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап - 12 (он екі) ай өткен соң. Өтінім берушінің өтінішхаты бойынша сараптама ұйымы мәліметтерді көрсетілген мерзімнен бұрын жариялайды.
Мерзім:
көрсетілетін қызметті алушы өтінім бергені үшін белгіленген мөлшерде төлемді растайтын құжатты ұсынуы қажет болған жағдайда, төрт айдан аспайтын уақытқа;
көрсетілетін қызметті алушы түзетілген немесе жетіспейтін құжаттарды сараптама ұйымының сұрау салуы не хабарлауы бойынша ұсынуы қажет болған жағдайда үш айдан аспайтын уақытқа;
көрсетілетін қызметті алушы конвенциялық басымдық сұратқан кезінде бірінші өтінімнің көшірмесін ұсыну қажеттілігі жағдайында, алты айдан аспайтын уақытқа;