«Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 167 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін (бұдан әрі - ҮКД) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау өлшемшарттарына сәйкес персоналды басқару қызметі және денсаулық сақтау ұйымның басшысы немесе жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлға растайды.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: