«Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2026 жылғы 19 мамырдағы № 197 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31999 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жерлердің ірі масштабты топырақ іздестірулерінің нәтижелері (топырақ карталары мен картограммалары) мемлекеттік жер кадастрының цифрлық жүйесіне жұмыстар орындалған жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін енгізіледі.»;
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) картографиялық: қағаз және цифрлық тасығыштардағы фотожоспарлар, аэрофотосуреттер, ғарыштық суреттер және мемлекеттік жер кадастрының цифрлық жүйесінің цифрлық деректері;»;
58-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: