«Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 459 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген, «Казахстанская правда» 2011 жылғы 10 тамыздағы № 251 (26672) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әуе кемелерінің экипажы мүшелерінің, ӘК ТҚ жөніндегі маманның, ӘҚД диспетчерінің, ұшуларды қамтамасыз ету жөніндегі маманның және авиация станциясы операторының функцияларын орындауды осы Біліктілік талаптарына жауап беретін және тиісті біліктілік белгілерімен қолданыстағы куәлігі бар адам жүзеге асырады. Осы Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттары, олардың көшірмелері мен жазбалары бар авиация персоналының жеке істері азаматтық авиация ұйымдарында және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) сақталады және авиация персоналы куәлігінің қолданылу әрекеті аяқталған сәттен бастап 5 жыл өткен соң уәкілетті ұйымның мұрағатына заңнамада белгіленген тәртіппен тапсырылады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) уәкілетті ұйым - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;»;
45-тармақта:
3) тармақшаның 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын: