Введите номер документа
Прайс-лист

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті 2020 жылғы 24 ақпандағы № 272 Жарлығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 24 февраля 2020
Статус
Утратил силу
утратил силу с 7 марта 2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

ЖАРЛЫҒЫ

 

 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 

ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығымен күші жойылды

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 53-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл сайын екінші тоқсан ішінде өңірлермен бейнеконференцбайланысын, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық интернет-ресурста онлайн-трансляция ұйымдастыра отырып, жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, əлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспарлардың түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу мен тиісті салаларды дамыту жөніндегі міндеттер, олардың проблемалары мен шешу жолдары туралы хабардар етсін.

2. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын бірінші тоқсан ішінде халыққа есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, проблемалық мәселелер және оларды шешу бойынша жоспарлар туралы хабардар етсін.

Есеп беру кездесуі әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн-трансляция және аудан орталықтарымен және басқа да елді мекендермен бейнеконференцбайланысын (техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып) ұйымдастырыла отырып өткізіледі.

Есеп беру кездесуі өткізілуінен бір күн бұрын және есеп беру кездесуі өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами