«Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 4 қарашадағы № 476 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34030 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
2-қосымшаның 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы:
1) тамақ өнімдерін өндіру және қайта өңдеу;
2) құрылыс материалдары мен жиһаздарын өндіру;
3) электроника және электр жабдықтары өнімдерін өндіру;
4) машина жасау өнімін өндіру;
5) көп бейінді аурухана салу;
6) кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі;
7) ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі;
8) қағаз және картон өндірісі;
9) гофрленген картон өндірісі;
10) қағаз және картон ыдыстарын өндіру;