«Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 1119 бұйрығы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12115 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлiгiмен тасымалдау қағидаларында:
81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«81. Жүкқұжат қағаз тасығышта немесе электрондық түрде рәсімделеді. Қағаз тасығышта рәсімдеу кезінде жүкқұжатқа жөнелтуші қол қойып, әуекомпанияға жүкпен бірге табысталады, ал электрондық түрде рәсімделген кезде, жүкқұжат әуекомпанияға байланыстың электрондық арналары арқылы жіберіледі.
мынадай мазмұндағы 84-1, 84-2, 84-3 және 84-4-тармақтарымен толықтырылсын:
«84-1. Электрондық жүкқұжаттының мынадай құрылымы бар:
1) жүк тасымалдау туралы электрондық жазба — тасымалдаушының әуе тасымалдарын рәсімдейтін ақпараттық жүйесінде жүктің авиациялық тасымалы туралы электрондық-цифрлық ақпарат;
2) жүк түбіртегі — мыналарды:
электрондық жүкқұжатты пайдалана отырып, тасымалдаушы мен жөнелтуші арасындағы авиациялық жүк тасымалдау келісімшартын жасасуда;
тасымалдаушының авиа тасымалына жүк жөнелтушіден жүкті қабылдауды куәландыратын мәтіндік құжат.