Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 және «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 3 маусымдағы № 49 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10479 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартында:
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жалға берушінің:
1) баланс ұстаушымен келісу бойынша жалға алушыға объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға жазбаша рұқсат беруге;
2)жалға алушыға объектіні қосалқы жалға беруге жазбаша рұқсат беруге;
3) жалдау ақысының уақтылы және толық аударылуын бақылауды жүзеге асыруға;
4) жалдау ақысының уақтылы енгізілмегені үшін өсімпұл есептеуге;
5) тараптардың келісуі бойынша шарттың мерзімін ұзартуға, шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге немесе оны бұзуға;
6) объектінің мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыруға құқығы бар.
8. Жалға алушының:
1) жалдау ақысын аванспен төлеуге;
2) баланс ұстаушының жазбаша келісімімен объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға рұқсат алуға жалға берушіге өтініш жасауға;
3) объектіні қосалқы жалға беруге рұқсат алу үшін жалға берушіге өтініш жасауға;