«Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 1 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 582 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 183 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 1 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14845 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта:
8-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде көмек көрсету мүмкіндігі бөлігінде тексеруді ұйымдастырады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. ІІО қызметкерлері жеке күзет ұйымдарының жұмыскерлерімен, ерікті адамдармен, бақылаушылармен, ұйымдастырушылармен бірлесіп мыналарды қамтамасыз етеді:
1) көрермендердің ұйымдастырылып кіруі;
2) көрермендерді трибуналарда, залда, секторларда орналастыру;
3) билеттері және рұқсат қағаздары жоқ азаматтардың, сондай-ақ масаң күйдегі адамдардың кіруіне тыйым салу;