«Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 484 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 293 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1.«Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13301 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 16 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесінде:
1 «Ағымдағы шығындар» деген санатында:
01 «Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар» деген сыныбында:
120 «Жұмыс берушiлердiң жарналары» деген ішкі сыныбында:
123 «Мiндеттi сақтандыру жарналары» деген ерекшелігі бойынша:
7 «Ескерту» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: