«Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 154 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12267 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Су айдындарына балық жіберу - өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, балықтардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және (немесе) тауарлы өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелерге балық өсіру материалы мен балықтар жіберу.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кәсіпорындар немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүргізетін су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты ұйымдастырушыға байланысты аумақтық бөлімше немесе жергілікті атқарушы орган құрған комиссия қабылдайды.