ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021.28.01. № 38 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.05.05. № 228 бұйрығымен (2026 ж. 12 шілдеден қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 30 мамырдағы
№ 323 бұйрығына
3-қосымша
«Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау»
мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары
(2026.12.07. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. «Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі