«Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі, ислам банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 85 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 тамыздағы № 117 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі, ислам банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 85 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38587 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерде, олардың шекті мәндерінде және есеп айырысу әдістемелерінде:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әмбебап банк лицензиясы бар банктер сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттер құрамына мыналар кіреді:
банктің жарғылық және меншікті капиталдарының ең төмен мөлшері;
меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;
тәуекелдің бір қарыз алушыға шаққандағы ең жоғары мөлшері;
өтімділік коэффициенттері;
өтімділікті өтеу және нетто тұрақты қорландыру коэффициенттері;
банктерді Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру;
банк қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициенті;
леверидж коэффициенті;
исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға бөлінген активтердің ең төмен мөлшері;
ашық валюталық позиция лимиттері;
залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілетін қамтамасыз ететін құралдар бойынша міндеттемелердің ең төмен мөлшері.»;