«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 3 шілдедегі № 259 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс әскери бөлімдеріне атаулар беру туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 211 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 5), 5-1), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;
5-1) осы бұйрыққа 5-1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;»;
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшада:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: