Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАНЫҢ МЕМЛ...

Информация о документе
Датачетверг, 11 октября 2018
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 11 октября 2018

Осы редакция 2020 жылғы 21 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму министрінің м.а.

2015 жылғы 31 шілдедегі

№ 647 бұйрығына

3-қосымша

 

 

Медициналық мамандықтар бойынша магистратураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру

стандарты
(2018.11.10. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы медициналық мамандықтар бойынша магистратураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектің Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және магистратураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына, магистранттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, магистранттардың даярлық деңгейін және 6M11 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» мамандықтары бойынша академиялық дәрежелерін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) дескрипторлар (descriptors) - студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы, дескрипторлар оқыту нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді;

2) кредит (Credit, Credit-hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;

3) құзыреттер - студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті;

4) магистратура - тиісті мамандығы бойынша «магистр» академиялық дәрежесі беріле отырып, ғылыми және педагог кадрлар даярлауға бағытталған, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы;

5) магистрант - магистратурада білім алаушы адам;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом