Введите номер документа
Прайс-лист

«АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 55 бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 11 июля 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 28 июля 2024
Дата последнего изменениячетверг, 11 июля 2024

 «АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 55 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21467 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Халық пен халықтың негізгі топтары үшін профилактикалық іс-шаралар еріктілік, құпиялылық қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады. Халықтың негізгі топтарына инъекциялық есірткіні тұтынатындар, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер, секс жұмыскерлері, трансгендер адамдар (жасы 18 және одан жоғары) және бостандығы шектелген, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған адамдар жатады.»;

9 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Халықтың негізгі топтарына медициналық және үкіметтік емес ұйымдарда орналасқан сенім пункттерінде, стационарлық сенім пункттерінде, жылжымалы сенім пункттерінде, достық кабинеттерінде емдік-профилактикалық қызметтерін ұсыну аутрич қызметкерлер мен әлеуметтік қызметкерлерді тарта отырып, АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтиды:

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес анонимдік және құпия негізде бірегей сәйкестендіру кодын беру мүмкіндігімен;

2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес халықтың негізгі топтарының бір өкіліне шығыс материалдарын тегін ұсынумен (өтеусіз негізде медициналық бұйымдарды тарату: көлемі шағын «өлі» бір реттік шприцтер, спирттік майлықтар, презервативтер, лубрикант, налоксон);

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом