«Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 462 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33486 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қор Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Бюджет кодексі) салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылады.
4. Қор қаражатының түсімдері бойынша операциялар «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес есепке алынады.»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тізбені тиісті саланың орталық мемлекеттік органдарының (бұдан әрі - ОМО) өтінішхаттары негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33441 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және олардың өлшемшарттарын айқындау қағидаларына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады.