Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 842/НҚ бұйрығына
4-қосымша
«Зымыран-ғарыш техникасын және жердегі ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану»
кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу саласы: «Зымыран-ғарыш техникасын және жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктіліктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымдары қызметкерлері мен түлектерінің кәсіптік біліктілігін тануға және зымыран - ғарыш техникасын және жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану саласындағы мәселелердің кең ауқымын шешуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) ғарыштық бас бөлігі - пайдалы жүктің, өтпелі бөлімі бар бас жәрмеңкенің және үдеткіш блоктың жиынтығы;
2) ғарыштық мақсаттағы зымыран - ғарыштық бас бөлігі бар зымыран-тасығыштың жиынтығы;
3) жерүсті ғарыштық инфрақұрылым - бір немесе бірнеше функцияларды орындауға арналған техникалық объектілер: белгіленген дайындықта тасымалдау, сақтау, келтіру және ұстау, ғарыштық мақсаттағы зымыранға техникалық қызмет көрсету, дайындау және ұшыру, ғарыштық мақсаттағы зымыранның ұшуының белсенді учаскесінде телеметриялық және траекториялық өлшеулер жүргізу, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету;
4) ғарыштық зымыран кешені - ғарыш аппараты бар зымыран-тасығышты қабылдауды, сақтауды, ұшыруға дайындауды және іске қосуды қамтамасыз ететін зымыран-тасығыштың және техникалық құралдардың, құрылыстардың, технологиялық жабдықтар мен коммуникациялардың жиынтығы;