Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 119 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 209 шешімі
Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 119 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №190224 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 590555740 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 143761435 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 19802563 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 49649 теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 426942093 мың теңге;
2) шығындар - 598016112 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 28866986 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 37606154 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 8739168 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 600000 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 600000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -36927358 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 36927358 мың теңге:
қарыздар түсімдері - 35106154 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 8065456 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 9886660 мың теңге.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. 2024 жылға арналған облыстық бюджетке, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін:
1) корпоративік табыс салығы бойынша:
Қарағанды қаласына - 50 пайыз, Саран қаласына - 52 пайыз, Абай ауданына - 70 пайыз, Балқаш қаласына - 79 пайыз, Теміртау қаласына - 95 пайыз, Приозерск, Шахтинск қалаларына, Нұра, Осакаровка, Шет аудандарына - 98 пайыздан, Ақтоғай, Бұқар-Жырау, Қарқаралы аудандарына- 99 пайыздан;
2) жеке табыс салығы бойынша: