«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 120 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі:
мынадай мазмұндағы «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесімен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі»
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті «Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде: