Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 2/18 «Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 15/159 шешімі
Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 2/18 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4478 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 2-тармағының 12-14) тармақшасына, «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларына бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20540 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін айқындайды.»;
2-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жайылымдар - ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуға жол беріледі;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: