ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 61 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 249 бұйрығына
2-қосымша
«Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.23.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген жағдайда:
лицензия беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқаларын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні.
Көрсетілетің қызметті беруші Көрсетілетің Қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін берілетін ең ұзақ уақыт - 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсету үшін берілетін ең ұзақ уақыт - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).