ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2016 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына актілеріне өзгерістер енгізілсін:
1) «Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 шілдедегі № 58 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 282-құжат; 2002 ж., № 42, 415-құжат; 2003 ж., № 35, 347-құжат; 2004 ж., № 21, 266-құжат; 2005 ж., № 22, 267-құжат; 2007 ж., № 9, 100-құжат; № 24, 268-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
| Бижанов Ақан Құсайынұлы | - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша), |
| Дияров Дәурен Кеңесұлы | - «Қазақпарат» ұлттық компаниясы» АҚ президенті (келісім бойынша), |
| Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы | - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша), |
| Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер бірінші вице-министрі, |
| Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі, |
мына:
| «Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі, хатшы», |
| «Еркімбеков Серік Жексембекұлы | - Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының төрағасы» |
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
| «Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы, хатшы», |
| «Еркімбеков Серік Жексембекұлы | - сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»; |
көрсетілген Комиссия құрамынан: А.Б. Баталов, З.Ж. Қадырова, Ж.С. Омаров, Қ.Б. Өскімбаев, Қ.С. Сұлтанов шығарылсын;