«Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 9 маусымдағы № 113-НҚ және «Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша өтеу, қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидиялар бөлу және субсидиялар төлеу қағидасын бекіту туралы» 2025 жылғы 27 маусымдағы № 157-НҚ Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2026 жылғы 17 шілдедегі № 222-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 113-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36233 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидаларында:
5-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) байланыс қызметтері (қалааралық телефон сөйлесулері, телефон үшін абоненттік төлемақы, пошта шығындары, факс, электрондық пошта, интернет желісі);».