Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 20 наурыздағы
№ 446 бұйрығына
1-қосымша
ҚР Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен күші жойылды
«Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен
айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдардың көрсетілетін қызметті берушінің аттестаттауынан өткендігі туралы, аттестаттаудың нәтижелері туралы комиссиясының шешімі немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 61 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген № 16309) бекітілген «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуы.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылып, электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету барысында көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнің (қызметкерлерiнiң) әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау
4. Көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық сауалының бар болуы мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) басталуына негiздеме болып табылады.