«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 807 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 81 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 26 маусымдағы № 231 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 26 маусымдағы № 44 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 807 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 81 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141 және 143-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
1-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) осы бірлескен бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізетін заңды тұлғаларға қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;»;
1-тармақ мынадай мазмұндағы 19) тармақпен толықтырылсын: