«Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 539 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 330 бұйрығымен 2018 ж. 29 маусымнан бастап күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11200 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде 46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. ҚР ҚМК пленарлық отырысының хаттамасы отырыс өткен күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде әзірленеді. Хаттамада Сараптамаға ұсынылған есептің материалдары туралы мәліметтер, сараптама барысында анықталған ескертулер, ҚР ҚМК шешімі және олардың ұсыныстары қамтылады.
ҚР ҚМК пленарлық отырысының қорытындысы бойынша хаттамада мынадай индекстердің бірінде шешім көрсетіледі:
барлау жөніндегі жұмыстары аяқталмаған жер қойнауының учаскелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған аралық есептердің қорытындылары бойынша:
«П» индексі, алдын-ала бағаланған пайдалы қазбалар қорының көлемі назарға алынды дегенді білдіреді;
бағалау жұмыстарын жүргізу нәтижесі бойынша жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған қорытынды есеп бойынша: