ҚР Ішкі істер министрінің 2024.22.11. № 924 бұйрығымен 54-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 1 қазандағы
№ 662 бұйрығына
54-1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
(2025.17.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2024 жыл
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Академияның түрі: республикалық мемлекеттік мекеме.
3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 қазандағы № 908 қаулысымен құрылған.
4. Академия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.
5. Республикалық мемелекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) Академияны жалпы басқаруды, сондай-ақ Академияның мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.
7. Академияның құрылымы мен штат кестесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді.
8. Академияның толық және қысқартылған атауы:
толық:
мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - Республиканское государственное учреждение «Академия управления Министерства внутренних дел Республики Казахстан»;
ағылшын тілінде - Republican state institution «Academy of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after Makan Yesbulatov»;
қысқартылған атауы:
мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы» РММ;
орыс тілінде - «Алматинская академия МВД РК имени Макана Есбулатова»;