Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2021 – 2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ...

Информация о документе
Датасреда, 2 февраля 2022
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 2 февраля 2022

Осы редакция 2022 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2022.02.02. № 43 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2019 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1060 қаулысымен

бекітілген

 

 

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

қағидалары

(2022.02.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды.

2. Осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Нұр-Сұлтан қаласының шегіндегі аумақ;

2) АХҚО қор биржасы – АХҚО-да қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;

3) АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органы – АХҚО юрисдикциясында қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын тәуелсіз уәкілетті орган;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом