«Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесі мен оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 шiлдедегi № 326 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 236-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесі мен оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 шiлдедегi № 326 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28848 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен (немесе сертификаттармен) марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың, халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының тізбесі мен оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған: