«Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 1010 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат беру қағидаларында:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат төмендегі анықтамаларды беру түрінде жүзеге асырылады:
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат.
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада жылжымайтын мүліктің нақты объектісіне бар құқықтар (ауыртпалықтар) көрсетіледі;
2) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат.
Жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамада жеке немесе заңды тұлғаға тіркелген барлық жылжымайтын мүлік объектілері туралы мәліметтер (оның ішінде иеліктен айырылған) көрсетіледі;
3) осы Ереженің 3-1-қосымшасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтық ауыртпалықтар, заңдық талаптар туралы мәліметтер.
Жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтық ауыртпалықтар, заңдық талаптар туралы мәліметтерде жеке немесе заңды тұлғаларға құқықтары тіркелген жылжымайтын мүлік объектісінің барлық ауыртпалықтар және заңдық талаптары туралы мәліметтер көрсетіледі;