Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2012.24.02 № 89 БҰЙРЫҒЫНА 2...

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2015 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы 24 ақпандағы

№ 89 бұйрығына 2-қосымша

 

 

Пайдалы модельге өтінімді жасау, ресімдеу және қарау, мәліметтерді Қазақстан Республикасының

пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі
ереже

(2015.17.03. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және пайдалы модельге өтінімді жасау, ресімдеу және қарау, мәліметтерді Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру тәртібін белгілейді.

ҚР Әділет министрінің 2015.17.03. № 158 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Осы Ережеде келесідей ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

2) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жататын салалардағы (пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызмет көрсету) қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым;

3) өтінім - пайдалы модельге патент беруге өтінім;

4) конвенциялық өтінім - 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына сәйкес берілген өтінім;

5) халықаралық өтінім - 1970 жылғы 19 маусымдағы Патент коорперациясы (РСТ) шартына сәйкес берілген өтінім

6) еуразиялық өтінім - 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразия патент конвенциясына сәйкес берілген өтінім.

 

 

2. Өтінім беру

 

3. Пайдалы модельге өтінім беруге автор және жұмыс беруші, олардың заңды мұрагерлері немесе олардың арасындағы келісім бар болған жағдайда бірге аталған адамдар (бұдан әрі - өтінім беруші) құқылы.

4. Пайдалы модельдің авторы - творчестволық еңбекпен жасаған жеке тұлға мына жағдайларда:

егер пайдалы модель оның еңбек міндеттерін орындауға немесе жұмыс берушіден алған нақты тапсырмаға байланысты емес жасалса;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами