«Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1042 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 420 бұйрығы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1042 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12751 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімінде:
А БЛОГында - Басқарушы персонал:
«
| А2 | 2-1 | Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) стационарлық үлгідегі ұйымның құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары (жартылай стационарлық үлгідегі ұйым басшысының орынбасары) Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) стационарлық үлгідегі және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның медициналық бөлімшесінің меңгерушісі Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас бухгалтерінің орынбасары Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас бухгалтері Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас экономисі |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«