Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 және «Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 347 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 525 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20836 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымшада:
6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 6 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде алынатын төлем | Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру және қайта ресімдеу үшін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым 2025 жылғы 18 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616 - бабына сәйкес алынады: 1) лицензия беру - 6 айлық есептік көрсеткіш; 2) лицензияны қайта ресімдеу - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеу қолма-қол және (немесе) төлемнің мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) беретін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, не ЭҮТШ арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады. |
».