«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының № 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 17 шілдедегі № 50нс бұйрығы
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 34/қе бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11360 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру», осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру», осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;»;
аталған бұйрықпен бекітілген «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: